BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ОҚО-да елімізде баламасы жоқ іскер әйелдер клубы құрылды

Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен алынды

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында елімізде алғаш рет іскер әйелдердің «Сырғалым» қоғамдық қоры құрылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бизнес бастағысы келген әйелдерге көмек көрсетіп, отбасылық тәрбие мәселелерін қолға алған клуб мүшелері ашылған аз уақыттың ішінде 20-дан астам әйел азаматына заңдық кеңестер мен психологиялық қолдау білдірген. Сонымен қатар, мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға ұйытқы болып, ұрпақтар сабақтастығын жандандыруда.

Мәселен, іскер ханымдар «Әйелге сүйіспеншілікпен» атты акция ұйымдастырып, онда мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген әйелдерге дастархан жайып сый-сияпат жасады, бұған қоса 30 анаға Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалап қайту үшін билеттер тарту етті.

Бұл шараны тағдырдың тауқыметін тартқан нәзік жандарға қуаныш, әйел бақытын сыйлау мақсатында ұйымдастырып отырмыз, дейді қоғамдық ұйым мүшелері.

«Сырғалым» көшбасшы қоғамдық қоры гендерлік алшақтықтарды жою, отбасын жоспарлауды қоса алғанда, әйелдердің денсаулығын қорғау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету, қыз-келіншектер мен аналардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын арттыру және өскелең ұрпақ тәрбиесін күшейту сынды міндеттерді қойып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер