BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Облыстардағы кәсіпкерлер бизнес үшін 8,5 пайызбен несие алады

Жыл басынан бері «Даму» Қоры мен облыс әкімшіліктері өңірлердегі шағын және орта бизнеске 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.

«Даму» Қоры Астана қаласының әкімшілігі бірігіп «Астана Сервис», «Астана Бизнес» және Астана Жас Старт» бағдарламалары үшін 1,4 млрд теңге бөлді.

«Астана Сервис» бағдарламасы қонақ үй, тамақтандыру, көңіл көтеру, демалыс, өнер және көлік пен қоймаға сақтау салалары бойынша қызмет көрсететін кәсіпкерлерге арналған.

Бұл бағдарлама бойынша кәсіпкерге жылына 8,5 пайызбен, «АТФ Банк» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ, «ForteBank» АҚ арқылы қаржы бөлінеді. Бұл банктерге қазір 500 млн теңге салынды. Бір кәсіпкердің қолына айналым қаражатын толтыру мен инвестиция үшін 150 млн теңгеге дейін сома 84 айға беріледі.

«Астана Бизнес» бағдарламасы бөлшек сауда мен мейрамхана, тамақ өнімдерін жеткізіп беру қызметіндегі кәсіпкерлерге арналған.

Бұл бағдарлама бойынша да кәсіпкерге жылына 8,5 пайызбен, «АТФ Банк» АҚ, Банк ВТБ АҚ ЕБ(Қазақстан), «ForteBank» АҚ арқылы қаржы бөлінеді. Бұл банктерге қазір 500 млн теңге салынған. Бір кәсіпкердің қолына айналым қаражатын толтыру мен инвестиция үшін 84 айға 100 млн теңгеге дейін беріледі.

«Астана Жас Старт» бағдарламасы жас кәсіпкерлерді қолдап, бизнесін дамыту үшін салалық шектеусіз қаржы беруді көздейді.

Бұл бағдарлама бойынша да кәсіпкерге жылына 8,5 пайызбен, «АТФ Банк» АҚ, «ForteBank» АҚ арқылы қаржы бөлінеді. Бұл банктерге қазір 400 млн теңге салынған. Бір кәсіпкердің қолына айналым қаражатын толтыру мен инвестиция үшін 20 млн теңгеге дейін, 84 айға қаржы тиеді.

Бұл бағдарламалар бойынша несие Астана қаласы әкімдігі жанындағы Өңірлік үйлестіру кеңесінің оң шешімінен кейін кәсіпкердің қолына тиеді.

«Даму» Қоры мен Қызылорда облысының әкімшілігі «Даму Сырдария» бағдарламасы бойынша өңір кәсіпкерлері үшін 1,4 млрд теңге бөлді. Бұл соманың кем дегенде 20% пайызы ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерге салалық шектеусіз беріледі. Қалған қаражат өңдеу өнеркәсібі, бөлшек сауда, көлік және қоймаға салу, қонақ үй мен тамақтандыру саласындағы кәсіпкерлерге бөлінеді.

Бұл бағдарлама бойынша да кәсіпкерге жылына 8,5 пайызбен, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «ForteBank» АҚ арқылы қаржы бөлінеді. Бұл банктерге қазір 1,4 млрд теңге салынған. Бір кәсіпкердің қолына 180 млн теңгеге дейін берілсе, оның 20 млн теңгесі әкімшілік жанындағы Өңірлік үйлестіру кеңесінің мақұлдауынсыз бөлінеді.

20 млн теңгеден астам және 180 млн теңгеге дейінгі сұралған сома кәсіпкердің қолына ӨҮК шешімінен кейін тиеді. Инвестиция үшін 60 айға дейін, айналым қаражатын толықтыруға 36 айға дейін қарастырылған.

«Даму» Қоры мен ШҚО әкімшілігі өңірдегі ауыл, балық шаруашылығы, туризм, өңдеу өнеркәсібі, электрмен қамту, автокөліктер мен мотоцикл жөндеу, қонақ үй мен тамақтандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет, дене шынықтыру мен сауықтыру қызметіндегі кәсіпкерлер үшін «Ақ ниет» бағдарламасы бойынша 1,8 млрд теңге бөлді.

Бұл бағдарлама бойынша да кәсіпкерге жылына 8,5 пайызбен, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «ForteBank» АҚ, «Нұр банк» АҚ арқылы қаржы бөлінеді. Аталған банктерге қазір 1,8 млрд теңге салынған.

Бір кәсіпкердің қолына 400 млн теңге 84 айға дейін айналым қаражатын толықтыру мен инвестицияға деп беріледі.

Бұл бағдарлама бойынша қаржыны кәсіпкер ШҚО әкімшілігі жанындағы Өңірлік үйлестіру кеңесінің оң шешімінен кейін ала алады.

ЖАҚЫН АРАДА:

Жақын арада Астана қаласының «Нұрбанк» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «ForteBank» АҚ ЕБ филиалдарында «Astana-Retail» бағдарламасы бойынша көтерме-бөлшек сауда мен өңдеу өнеркәсібі бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлерге арналып 2 млрд теңге салынады. Жылдық мөлшерлемесі 8,5 пайыздық несие 36 айға дейін беріледі. Айналым қаражатын толықтыру мақсатында 200 млн теңгеге дейін алуға болады.

Бұл бағдарлама бойынша да қаржыны кәсіпкер Астана қалалық әкімшілігі жанындағы Өңірлік үйлестіру кеңесінің оң шешімінен кейін ала алады.

Костанай облысындағы «Қазкоммерцбанк» АҚ, «АТФБанк» АҚ (қазірдің өзінде 100 млн теңге салынған) филиалдарында «Қос Қолдау» бағдарламасы аясында 500 млн теңге салынады. Бағдарламаға салалық шектеу қойылмайды. Кәсіпкерге 8,5 пайызбен инвестиция үшін 84 айға дейін, айналым қаражатын толықтыруға деп 36 айға дейін беріледі. Бизнесі бар кәсіпкерлер үшін 50 млн теңгеге дейін, ісін жаңа бастағандар үшін 20 млн теңгеге дейін айналым қаражатын толықтыру мен инвестиция үшін бөлінеді.

Жуық арада Ақтөбе облысындағы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ, «АТФ Банк» АҚ филиалдарында «Актобе ЖасСтарт-2» (қазірдің өзінде» Қазақстан Халық Банкі» мен «АТФ» банкіне 150 млн теңге түскен) және «Кең дала-2» бағдарламасы (қазірдің өзінде» Қазақстан Халық Банкі» мен «АТФ» банкіне 500 млн теңге түскен) бойынша 1 млрд теңге салынады.

«Ақтобе ЖасСтарт-2» - 29 жасқа дейінгі, Ақтөбе облысында тіркелген (Ақтөбе қаласы емес) кәсіпкерлерге арналған. «Кең Дала - Ақтөбе облысында тіркелген (Ақтөбе қаласы емес) кәсіпкерлер үшін.

Бағдарламаларға салалық шектеу жоқ. Жылына 8,5 пайыздық мөлшерлемемен 60 айға дейін беріледі. «Ақтобе Жас Старт» бағдарламасы бойынша 20 млн теңгеге дейін, «Ақтөбе Кең Дала» бағдарламасы үшін 30 млн теңгеге дейін айналым қаражатын толықтыру мен инвестиция үшін алуға болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер