BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мүгедек кәсіпкерлерге көмек көрсетілді

«Даму» Қоры мен «Shinhan Bank Kazakhstan» АҚ мүгедек кәсіпкерлерге демеушілік көмек көрсетті, деп хабарлайды Baq.kz.

«Shinhan Bank Kazakhstan» мүгедек кәсіпкерлер үшін құны 5,5 млн теңге болатын 18 тігін машинасын сатып алды. «Даму» Қорының «Даму-Көмек» жобасы аясында техниканы «Shinhan Bank Kazakhstan» Басқарма төрағасы Ким Хен Хван табыстады. Енді мүгедектігі бар кәсіпкерлер өз кәсібін ашып, бизнесі барлары ісін дамытуға мүмкіндік алды. Мұнымен қатар «Shinhan Bank Kazakhstan» 18 кәсіпкерге есеп-шот ашып, істерін бастап кету үшін шотқа 100 мың теңгеден салып берді. Болашақта банк көп балалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен мүгедек балаларды күндіз бағатын орталықтар үшін тапсырыс тауып береді.

«Даму» Қорының Басқарушы директоры Ғабит Лесбековтің айтуынша, «Даму-Көмек» жобасы жүзеге асырыла бастаған 7 жыл ішінде www.damu-komek.kz сайты арқылы республика бойынша 2 342 өтінім түссе, ол бойынша 1 945 мүгедек жанға көмек көрсетілген. 2016 жылы 300 адам көмек сұрап тіркелсе, барлығы демеушілерден қажетті бұйымдарын алған.

«Даму-Көмек» жобасының демеушілері – кәсіпкерлер, ірі бизнес иелері және банктер. Мүгедектерді қолдау жөніндегі бастамамызды қолдағаны үшін Шинхан Банкке ризамыз. Бұл – мүгедектер үшін тапсырыс тауып, бизнестерін кеңейтуге деген үлкен мүмкіндік. «Даму-Көмектен» басқа Қорда «Жұлдыздарға қара» жобасы да жүзеге асырылып келеді. Ол бойынша мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер құрал-жабдыққа деп 300 мың теңгеге дейін грант ала алады. Қазіргі уақытта 50 млн теңгеден астам қаржыға 250 грант берілген. Өткен жылы біз «Мүгедек әйелдердің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту» атты бағдарламаны қолға алдық. Бұл бағдарлама әйелдерді сұранысқа сай кәсіп түріне оқытып, дайындап/қайта дайындап, бизнес-жоспар құруға бағытталған. Қазір 50 мүгедек әйел жұмысқа тұрып, 90-ы кәсіптік дайындықтан өтті»,-деді «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қорының Басқарушы директоры-басқарма мүшесі Ғабит Лесбеков.

Шара аясында жәрмеңке-көрме өтіп, мүгедек кәсіпкерлер өз бұйымдарын қойды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер