BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан Польшаға Орталық Азия нарығына шығуға мүмкiндiк бередi – Назарбаев

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Польша Республикасының президентi Анджей Дуда Қазақстанға тұңғыш рет мемлекеттiк сапармен келдi. Бүгiн Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Польша басшысын қабылдады. Атап өтсек, биыл екi ел арасындағы дипломатиялық қатынасқа 25 жыл толып отыр, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Мемлекет басшысы былтыр өзiнiң Польшаға iссапармен барып, Варшавадағы бизнес-форумда 1 млрд доллар сомасына 15 коммерциялық құжат бекiтiлгенiн айтты. Биыл Астана-Варшава тұрақты әуе қатынасының iске қосылғанын да атап өттi.

«Бүгiнгi кездесуде Қазақстан мен Польша үшiн маңызды аймақаралық және ғаламдық мәселелердi талқыладық. Қарқынды дамып келе жатқан екi елдiң ынтымақтастығы жайлы сөз қозғадық. Өткен жылы Қазақстанда Польша капиталымен 10 жаңа кәсiпорын ашылып, 100 млн доллар қаржы құйылды. Бiр жылда 207 млн доллар Польша инвестициясы тартылды. Екi ел болашақта ынтымақтастығын одан әрi дамыта түседi деген сенiмдемiз», - дедi Елбасы.

Назарбаевтың айтуынша, 2017 жылы Қазақстан екi мемлекет арасында визасыз режим енгiздi. Елбасы Польшаның да енгiзуiн сұрады. Мемлекет басшысы Польша үшiн Қазақстан аймақтағы маңызды серiктес екенiн және Орталық Азия нарығына, Еуразиялық одақ елдерiне шығуға мүмкiндiк беретiнiн атап өттi.

Өз кезегiнде Польша басшысы Назарбаевтың былтырғы iссапары қос мемлекет арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға серпiн бергенiн айтты. Сондай-ақ, бұл байланыс нығая түсетiнiне сенiмдi екенiн жеткiздi.

«Астанада өтiп жатқан ЭКСПО көрмесiн көру мүмкiндiгiне алғыс айтамын. Ертең көрмедегi Польшаның Ұлттық күнiне де қатыспақпын. Бүгiн бiрқатар келiсiмшартқа қол қойылды. Оның iшiнде «Жасыл көпiр» деп аталатын келiсiм бар. Мен бұған аса қуаныштымын», - дедi Анджей Дуда.

Атап өтсек, Польша Қазақстанның Орталық және Шығыс Еуропадағы маңызды сыртқы экономикалық әрiптестерiнiң бiрi саналады. Қазақстан мен Польша арасындағы тауар айналымы Польшаның бүкiл Орталық Азия елдерiмен сауда-саттық көлемiнiң 80 пайызын құрайды.

Бүгiн Польша президентi мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтiп жатқан Қазақстан-Польша бизнес форумына қатыспақ. Сондай-ақ, Анджей Дуданың сапары «ЭКСПО» көрмесiндегi Польша апталығына орайластырып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер