BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан мен Түркия Қытай нарығын тауық аяқтарымен қамтамасыз етпек

Фото: Smashno.ru

Қазақстан мен Түркия бiрлесiп, Қытай нарығында сұранысы жоғары – тауық аяқтарын өндiрумен айналыспақ. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев Түркi тiлдес елдердiң Iскерлiк кеңесiнiң бесiншi отырысында берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Қазiргi таңда Түркия мен Ресей кәсiпкерлерiнiң арасындағы қарым-қатынас әлi онша түзелген жоқ. Жақында БАҚ-тан естiген шығарсыздар, Түркия Ресейден шығып жатқан бидайға шектеу қойды. Бiздiң ойымызша, Ресей жағынан да Түркиядан келiп жатқан тауарларға шектеу қойылуы мүмкiн. Бiз Түркиямен бiрлескен кәсiпорындар құруымыз керек. Түркияда тәжiрибе мол, әсiресе ауыл шаруышылығы өнiмдерiн өңдеу саласында тәжiрибе жеткiлiктi. Мысалы, нарықтарға, оның iшiнде Ресей Федерациясына қарасақ, Түркиядан өте көп өнiм, әсiресе, дайын тауарлар импортталады. Сондықтан, бiрлескен кәсiпорындар құрып, көршілес Қытай мен Ресей нарығына жөнелту қажет», - дедi Әлтаев.

Дегенмен, Нұржан Әлтаев Қазақстан Ресеймен өзара сауда байланысын тоқтатпайтынын айтты.

«Ресей мен Қытай сияқты iрi елдерден түсетiн сұранысты қанағаттандыру үшiн Қазақстан көршi елдермен бiрiгiп жұмыс атқаруы керек. Олардың қатарында Орталық Азиядағы көршiлер – Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан бар. Түркия болса, бiзбен тiлiмiз ұқсас, мәдениетiмiз, дiнiмiз бiр бауырлас ел. Осылайша, аталған көршi елдермен кооперацияланып, жақын iрi елдердiң нарығына шығуымыз керек», - дедi басқарма төрағасының орынбасары.

Маманның айтуынша, Қытай мен Ресейден азық-түлiкке сұраныс өте көп. Ал Қазақстан осындай сұранысты қанағаттандыра алмай отыр. Сол себептен Қазақстан Түркиямен бiрiгiп, жобалар жасауда. Сондай жобалардың бiрi – термиялық өңделген тауық аяқтары өнiмiнiң өндiрiсi. Қазақстан мен Түркия бұл өнiмдермен Қытай нарығын қамтамасыз етпек. Сондай-ақ, Әлтаев Араб елдерiнен жасымыққа сұраныстың мол екендiгiн атап өттi.

Еске салсақ, бүгiн Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан мен басқа да түркi тiлдес елдердiң бизнес өкiлдерi қатысқан отырыста Қазақстан мен Түркия арасында бiрлескен сауда-өнеркәсiп палатасын құру туралы меморандумға қол қойылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер