BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Кәсіпкерлер «Жастар бизнес-тағылымдамалары» республикалық жобасына қатысты

Талдықорған қаласында Астана мен Алматы қалалары және республиканың қалған 13 өңірінен келген барлығы 30 жас кәсіпкердің қатысуымен жастар бизнес-тағылымдамалары жобасы өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпараттық агенттігі.

«Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтқандай, сананың ашықтығы – ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек. Жастар кәсіпкерлігіне қолдау көрсету мақсатында Қазақстан жастарының конгресі және ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жыл сайын жастар бизнес-тағылымдамаларын өткізіп келеді. Бұл жоба жастардың өз істерін ашуға, болуы мүмкін тәуекелдерді есептеуге және басқа да кәсіпкерлермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. 2016 жылдан бері бүгінгі күнге дейін жалпы саны 90-нан астам жастарымыз тағығылымдамадан сәтті өтті. Жобаны жүзеге асыру үшін қол ұшын созған барлық серіктестерімізге алғыс білдіремін», - деп атап өтті «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ-нің атқарушы директоры Сәбитов Айдын Маратұлы.

Тағылымдаманы өткізудегі басты мақсат – жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін арттыруға жәрдемдесу, сондай-ақ, Шағын және орта бизне кәсіпорындарыныңжұмысымен тікелей таныстыру арқылыжас кәсіпкерлердің біліктілігін арттыру болып табылады.

Жобаның ең жас қатысушыларының бірі - Алматылық Мұхит Асқарұлы өзінің алған әсерімен бөлісті.

«Менің жасым 19-да. Мен «Qazaqstanwatches» интернет-дүкенінің жетекшісімін, ғаламтор және әлеуметтік желілер арқылы қол сағаттарын сатумен айналысамын. Жастар бизнес-тағылымдамалары жобасынан бизнестегі басты мақсатыма жету жолында кеңестер, кәсіби консультация және өз кәсібімді дамытуға арналған ақпаратқа кеңінен қанық болдым. Ұйымдастырушыларға өте ризамын», - деп қуанышын білдірді Мұхит Асқарұлы.

Жастар кәсіпкерлігінің дамуы заманауи кезеңде халық арасындағы еңбекпен қамту көрсеткіштерінің жоғарылауына және білікті қызметкерлер дайындауға ғана емес, еліміздің инновациялық даму жолына тезірек өтуіне жол ашуы қажет.

Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығының негізгі тірегін бизнес саласы құрайды. Ал, жастарға осы бизнестің қыр-сырын оқытып, түсіндіру арқылы олардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер