BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Centre Nova Diagnostic» клиникасының жаңартылған ғимараты ашылды

Қызылордада «Centre Nova Diagnostic» клиникасының жаңартылған ғимаратының ашылу рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов және «Centre Nova Diagnostiс» ЖШС бас директоры Жұмабек Жанықұлов қатысты6 деп хабарлайды Baq.kz.

Клиника толығымен құрал-жабдықтар базасын қайта жаңартып, ұсынылатын қызмет түрлерін де арттырды. Компанияның даму жобасы мемлекеттік қолдау нәтижесінде жүзеге асты. «Centre Nova Diagnostiс» ЖШС «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 17% үстемемен 180 млн.теңге несиені «БанкЦентрКредит» АҚ рәсімдеді және оның 7% мөлшердегі үстемені мемлекет субсидиялауда. Өз кезегінде компания банк алдындағы кепілмүлікпен қамтамасыз етудің жетіспеушілігін оң шешуге мүмкіндік берген «Даму» қорының 50% кепілдендіруі арқылы несие қаражатына қол жеткізді.

Бүгінгі таңда «Centre Nova Diagnostiс» ЖШС медициналық қызмет көрсету бағытындағы үнемі үздіктер қатарынынан көрінетін орталық және де Қазақстанның алты қаласында өз филиалдары бар.

«Компания өз жобаларын мемлекеттік қолдау аясында осымен бірнеше рет жүзеге асырып келеді. «Даму» қорымен әріптестік қарым-қатынастың нәтижесінде Алматы мен Өскемен қалаларындағы филиалдарға жаңа қондырғылар сатып алынды. – Біз осы межемен шектеліп қалмаймыз. Біздің команда алдыға нақты мақсаттар қойып, белсенді жұмыс жасай біледі. Сондықтан да ендігі жоспарымыз — күндізгі стационардағы кереует-орындардың санын арттыру мен жаңа жұмыс орындарын ашу болып отыр», - деді филиал директоры Ғалымжан Шабдаров.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер