BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада өз ісін енді бастап жатқан кәсіпкерлерге грант беру байқауы жарияланды

15 мамырдан бастап Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен өз ісін ашуға мемлекеттік грант беру бойынша ашық конкурс жарияланды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту «Бизнестің жол картасы - 2020» бірыңғай бағдарламасы аясында өткізіліп жатқан байқауға кәсібін ашуға ниеттенген жас кәсіпкерлер, әйелдер, мүмкіндігі шектеулі жандар және 50 жастан асқан адамдар қатыса алады. Бағымды сынаймын деушілер байқау құжаттарын 15 мамырдан 30 маусымға дейін жұмыс күндері жергілікті уақыт бойынша, сағат 9:00-ден 17:30-ға дейін Бейбітшілік 11, 522 каб. тапсыра алады. Толық ақпаратты 55-69-95, 55-69-16, 55-69-10, 55-69-21 бойынша білуге болады.

Өтініштер 2017 жылдың 30 маусымы сағат 17:30-ға дейін қабылданады. Байқауды өткізу уақыты өткеннен кейін келіп түскен өтініштер қабылданбайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер