BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада әлеуметтік кәсіпкерлердің алғашқы форумы өтеді

Астана, BAQ.KZ. Елордада әлеуметтік кәсіпкерлердің алғашқы форумы өтеді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты жазады.

Іс-шараны «Нұр-Отан» партиясы қалалық филиалының қолдауымен «GreenTAL» әлеуметтік шеберханасы өткізеді.

«Форум барысында бүгінгі таңда елордада жұмыс істеп жатқан әлеуметтік кәсіпкерліктердің өнімдері көрмеге қойылып, мемлекеттік құрылым өкілдерінің қатысуымен пленарлық сессия, әлеуметтік кәсіпкерлер үшін маңызды деген тақырыптарда ақпараттық сессиялар өтеді», - деп мәлімдеді өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында әлеуметтік шеберхананың жетекшісі Эмин Аскеров.

Форум 6 қарашада Wyndham garden қонақ үйінде өтеді. Басталуы: сағат 10:00-де.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер