BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Арадағы алыс-беріс жылына 6 млрд доллар болғанын қалаймын – Польша президенті

Фото: Абзал Қалиев

Мен алдағы 6 жылда Қазақстан-Польша арасындағы алыс-беріс жылына 6 млрд доллар болғанын қалаймын. Бұл туралы Астанада өткен Қазақстан-Польша бизнес форумында Польша Республикасының президентi Анджей Дуда мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

«Бізді Қазақстанға шақырғаныңыз үшін алғысымды білдіремін. Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың былтыр Варшаваға жасаған ресми сапары байланысымызға оң ықпалын тигізді. Нәтижесінде қос ел арасындағы алыс-беріс 2014 жылғы деңгейге жетті. Сол кезде бұл көрсеткіш 2 млрд долларды құраған болатын. Саяси оқиғалардан кейін көрсеткіш бірден төмендеді. Қазіргі таңда біз бұрынғы жолға қайта түстік. Бұған Қазақстан президенті ықпал етті. Мен алдағы 6 жылда Қазақстан-Польша арасындағы алыс-берістің жылына 6 млрд доллар болғанын қалар едім», - деді ол.

Сонымен қатар Анджей Дуда ертең «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін аралайтынын әрі одан үлкен әсер алатынына үмітті екенін жеткізді.

«Мен ертең баратын ЭКСПО керемет және таңғажайып болатынына сенімдімін. Онда заманауи технологиялармен танысамын», - деп түйіндеді сөзін Польша президентi.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
31 Желтоқсан 2018, 10:01
Доллар арзандады
Пікірлер