BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақмола облысы биыл өнеркәсіп дамуы бойынша топ жарып тұр – С. Кулагин

 Астана. 23 желтоқсан. Baq.kz – Ақмола облысы 2014 жылдың 11 айы ішінде өнеркәсіптің дамуы бойынша республикада бірінші орынға ие болды. Үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдық шеңберінде 5 мыңға жуық тұрақты жұмыс орындарын құру арқылы 46 жобаны іске қосқан. Бұл туралы бүгін ОКҚ-де өткен брифинг барысында Ақмола облысының әкімі С. Кулагин айтып берді.

 -Біздің облысымыздағы өнеркәсіп өндірістің құрылымында 70 пайыздан артық құрайтын өңдеуші секторының салалары басым. Негізді металлургия, азық-түлік өндіру, машина жасау салалары. Сонымен бірге индустриялды секторының басқа да салалары белсенді дамуда. Республикалық көлемде аймақ индустриализация картасы бойыша енгізілген кәсіпорындардың үлесі 35%-ды көрсетіп отыр,-дейді өңір басшысы.
Бүгінгі күні облыстың инвестициялық қоржынында 119 млрд теңге соманы құрайтын 79 перспективалық жоба бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер