BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жыл сайын мектеп түлектерінің 19%-ы маманданбайды - министр

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты əлеуметтік қорғау министрі Мəдина Әбілқасымова жастарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша есеп берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

"2018 жылғы ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8%-ды немесе 82,4 мың адамды құрайды. Бұл республикадағы жұмыссыздықтың деңгейінен төмен. Жұмыспен қамтылған жастардың жалпы саны – 2 миллион 100 мың адамды құрайды. Жұмыспен қамтылған жастардың 1,5 миллионы жалдамалы жұмыскерлер, ал 456 мыңы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарына жатады", - деді Əбілқасымова.

Министрдің айтуынша, жыл сайын 120 мыңнан астам мектеп түлегі еңбек нарығына қосылады. Олардың 18%-ы колледжге, 60%-ы жоғары оқу орындарына түседі, ал қалған 19%-ы мамандық алмай қалады, қалған 4%-ы шетелге кетеді, әскерге шақырылады.

"Жастардың 36%-ында жоғары білімі, 39%-ында арнайы орта білімі бар. Ал жастардың 25%-ының білімі негізгі, бастауыш, жалпы білім деңгейінде. Осыған байланысты білімі жоқ жастарды алғашқы мамандығымен қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап Тегін кəсіптәк техникалық білім жобасы іске асырылуда. Жыл сайын 21 мыңнан астам адам техникалық және жұмысшы кәсіптеріне оқытылады. Осы жоба бойынша жастар қатарынан 38 мың адам оқытылып жатыр", - деді Мəдина Əбілқасымова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер