BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Павлодар облысында психолог-мамандардың жұмысы күшейтіледі

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің мектептерінде психологтардың жұмысын күшейту шаралары қолға алынды. Жолдау жүктеген міндеттер аясында мамандар үшін біліктіліктерін арттыру семинарлары ұйымдастырылуда.

Облыстық білім беру басқармасы мамандарының мәліметінше, бүгінде өңірдегі білім ошақтарында 568 психолог еңбек етеді. ​ Оның ішінде мектептерде – 370, арнайы ұйымдарда, балалар үйінде – 17, колледждерде – 41 және балабақшада 140 психолог жұмыс істейді.

«Елбасы Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында педагогтар, психологтар, сынып жетекшілердің кәсіби құзыреттілік деңгейлерін арттыру мақсатында білім беру ұйымдарында семинар-практикумдар, конференциялар өткізіледі. Облыстың 100 педагог-психологы үшін «Денсаулық және өмірлік дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында суицидтті алдын алу» бағдарламасы аясында оқыту семинары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, білім беруді дамытудың инновациялық орталығы жанында шығармашылық психологтар тобы жұмыс жасайды», - дейді сала мамандары.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таба бермек. Павлодар қаласындағы №25 мектептің психологы Жанар Ордабаеваның айтуынша, бүгінде балалармен тығыз қарым-қатынас орнату мақсатындағы шаралар жемісін беруде.

«Қазіргі уақытта 10-11 сынып оқушыларына басымдық берудеміз. Себебі, ұл-қыздар ҰБТ мен пән олимпиадаларына дайындалып жатыр. Олар көбінесе сынақ алдындағы күйзеліс пен қорқыныштан арыла алмайды. Менің көмегіме 5 сынып оқушылары да жүгінеді. Ол түсінікті, себебі, балалар бастауыш сыныптан жоғары буынға көшеді. Жаңа ортаға бейімделу үшін уақыт керек. Оларға кеңес беремін. Балалардың ішінде мәселесін ашық айтқысы келмейтін оқушылар да бар. Олар үшін мектеп дәлізінде «Сенім жәшіктері» орнатылған. Оқушылар толғандырған сұрақтарын анонимді түрде жазып кете алады. тек сыныптарын өткізеді», - дейді Жанар Ордабаева.

​ Айта кетейік, облыста 421 мектепке дейінгі ұйым бар. Бұл нысандарда 40 мыңға жуық бала тәрбиеленеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер