BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өскеменде түстен кейін оқушыларға сабақ болады

Фото: altaynews.kz

Астана, BAQ.KZ. Өскеменде екінші ауысымда оқитындарға сабақ болады. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Қалалық білім бөлімі бүгін, 28 желтоқсанда, түстен кейін оқитын мектеп пен колледж оқушылары сабаққа баратындығын хабарлады. Ауа температурасы 26 градус суықты көрсетіп тұр.

Естеріңізде болса, облыстық білім беру басқармасы қай сынып оқушыларына қандай градус аязда сабақ болмайтындығы туралы бұйрық шығарған болатын. Колледж студенттеріне де қатысты.

Егер желдің күші секундына 2 метр болса,
-28 градуста 1-4 сынып оқушыларына;
-32 градуста 5-9 сынып оқушыларына;
-34 градуста 10-11 сынып оқушыларына оқу шегеріледі.

Егер желдің күші секундына 2 метрден асса,
-23 градуста 1-4 сынып оқушыларына;
-27 градуста 5-9 сынып оқушыларына;
-29 градуста 10-11 сынып оқушыларына және колледждің 1-2 курс студенттеріне оқу шегеріледі.

Сондай-ақ мектеп, колледж оқушыларына көктайғақта, өте қатты желде (Бофорт шкаласы бойынша, желдің соғуы секундына 10,8-13,8 метр, сағатына 39-49 км) сабақ кейінге шегеріледі.

– Сабақ суық ауа райында шегеріледі. Оны мектептің немесе колледждің басшысы хабарлайды, – деді облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Байжанова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер