BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

БҒМ: Білім жүйесінде блокчейн – деректің жойылмауына кепіл

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі елдегі білім беру саласына блокчейн жүйесін енгізбек, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

«Білім беру жүйесінде құжаттардың қағаз нұсқаларын (күнделіктер, аттестаттар, дипломдар) сақтауда бір мәселе бар, ол – белгілі бір құжаттарға өзгеріс енгізу, оларды бүлдіріп алу немесе жоғалту қаупі. Айталық, оқушы жеке іс-қағазын жоғалтқан жағдайда, оны қалпына келтіру үшін тек оқушы ғана емес, жалпы мектеп те біраз уақытын жұмсайды. Блокчейн – әрқайсысында өшіруге немесе өзгертуге болмайтын ақпараттар сақталған блоктар тізбегі. Яғни, жаңадан құрылған деректер қорында оқушының не студенттің барлық бағасы, біліктілігі, жеке жетістігі туралы ақпараттар сақталады», - делінген ведомство таратқан хабарламада.

БҒМ блокчейн деректердің шынайылығына кепілдік береді деп сендіріп отыр.

«Бұл жүйеде оқытушы туралы пікір қалдыруға да болады. Блокчейнге енгізілген ақпаратты өшіру, жоғалту немесе қайта жасау мүмкін емес. Мысалы, оқушы басқа оқу орнына ауысатын болса, бірыңғай жүйенің арқасында оқушының білім алуы бойынша деректер қолжетімді болады. Білім жүйесінде блокчейн деректердің абсолютті нақтылығына және олардың өзгеруінің мүмкін еместігіне кепілдік береді», - деп хабарлада БҒМ баспасөз қызметі.

Блокчейнді орта, жоғары және қосымша білім берумен қатар, білім берудің ерте кезеңінде, мысалы, балабақшаларға да енгізу керек. Нәтижесінде, барлық ақпараттың блокчейнде сенімді түрде жазылуы есебінен оқушының оқудағы жетістіктері өмір бойына қолжетімді болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер