BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

2018-2019 оқу жылындағы оқушылар демалысының күнтізбесі

Оқу процесінің бекітілген кестесіне сәйкес, мектеп бағдарламасы 32-34 аптаны қамтиды, оның арасында оқушылар үш рет демалысқа шығады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Ал мектепке дейінгі балалар үшін үшінші тоқсанда қосымша бір апталық демалыс енгізілді.

"2018/19 оқу жылында күзгі демалыс 29 қазан мен 4 қараша аралығында, қысқы демалыс 31 желтоқсаннан 9 қаңтарға дейін, көктемгі 21 наурыздан 2 сәуірге дейін жалғасады. Балабақша тәрбиеленушілері үшін қосымша қысқы каникул 4 ақпаннан 10 ақпанға дейін созылады" - делінген министрлік таратқан мәліметте.

Ал ең сүйікті әрі ұзақ жазғы демалыс 99 күнге жалғасады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер