BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Атырауда «Халықаралық білім көрмесі» өтіп жатыр

Атырау, BAQ.KZ. Атырауда «Болашақ» халықаралық стипендиясының 25 жылдық мерейтойы аясында 40-қа жуық елден келген 200-ге тарта университет өкілдері қатысқан «International Education Fair 2018-2019» атты халықаралық көрме өтіп жатыр.

1993 жылы Елбасының бастамасымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы құрылып, еліміздің білімге құштар жастарын шетелге оқуға жібере бастады. Дәл осы шешім ел мүддесінің, «болашағының» негізін қалады.

Міне, содан бері 25 жыл ішінде 13 мыңнан астам стипендия тағайындалып, шетел асып, озық біліммен сусындаған 10 мыңнан астам маман оқуларын тәмәмдап, елге оралды.

Осындай атаулы мереке – «Болашақ» бағдарламасының 25 жылдығы аясында «International Education Fair 2018-2019» атты халықаралық білім көрмесі де өз жұмысын бастаған болатын. Астанада басталған көрме енді Атырауда жалғасты. 12-13 қараша Reinaissance қонақүйінде таңертең сағат 10-нан кешкі 6-ға дейін созылатын бұл көрмеден шетелде білім алғысы келетін кез-келген адам өзіне қажетті барлық ақпаратты ала алады.

«Бұл көрме көптеген саланы қамтып отыр. Ең алдымен, ата-ана баласының сапалы білім алуына қажет барлық ақпаратпен таныса алады. Көрме барысында әлемдік озық оқу орындарының өте білікті мамандары келіп, тегін ақыл-кеңестерін ұсынып отыр» - дейді ұйымдастырушылар.

Жалпы білім алғысы келетін кез-келген адам шетелдік университеттер, агенттіктер өкілдерімен тікелей байланыс орнатып, өзіне қажеттісін таңдай алады.

«Біздің негізгі мақсаттарымыздың бірі Қазақстанды Орта Азиядағы «білім хабы» жасау десек, алдымен өз жоғарғы оқу орындарымызды белгілі бір дәрежеде әлемдік деігейдегі университтермен қатар тұра алатындай етіп даярлап шығару. міне, осыған байланысты, өткізілгелі отырған «Халықаралық білім көрмесінде» еліміздің университтері шетелдік мамандардан тегін мастер кластар алуды ұйымдастырып отырмыз. Олардың ең жақсы деген модульдері мен жеткен жетістіктерінен өзімізге қажеттілерін үйренуіміз қажет» - дейді Жанболат Мелдешов.

Естеріңізге сала кетсек, бұл «Халықаралық білім көрмесі» 12-13 қараша Атырауда, 14-16 қараша Шымкентте, және 17 қараша Алматы қалаларында өтеді.

Көрмеге білім саласына қызығушылық танытқан әрбір адам келіп қатысып, өзіне қажетті ақпаратты ала алатындығына сенімдіміз!


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер