Астана, BAQ.KZ. Мемлекеттік органдардың назарын оқушыларды мектепке қауіпсіз жеткізу мәселелеріне аудару мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2 қазан мен 10 қараша аралығында «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясын өткізуде. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Астана қаласы полиция басқармасының ақпараты бойынша, «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы аясында 1 қарашада Астана қаласының Әкімшілік полиция басқармасы балаларға көлік қызметтерін көрсетумен айналысқан («АТФ №8» ЖШС, «Скулбасс» ЖШС) автобустарын тексерді.
Шара барысында 25 көлік тексерілді. Екі автобустан техникалық ақаулар анықталды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!