BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыдағы көрме Қазақстанның «Орталық Азиядағы білім хабы» бола алатындығын дәлелдеді

Алматы,BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласында өтіп жатқан Әлемдік жоғарғы оқу орындары сьезі аясындағы көрме өз жұмысын бастады. Бұл іс-шараны «Халықаралық бағдарламалар орталығы» ​АҚ ұйымдастырып отыр. Көрмеге әлемнің 40-тан астам мемлекетінен 200-ге жуық жоғарғы оқу орындары қатысуда. Алматыдағы көрме жұмысының салтанатты ашылуына Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек пен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» ​АҚ президенті Жанболат Мелдешов пен шетелдік дипломатиялық корпустардың өкілдері қатысады деп жоспарлануда.

«Жалпы көрмеге 40 елден келген 200-ге университет өкілдері қатысып отыр. Сонымен қатар бұл университеттердің ішінде 60% қазақстандық азаматтар үшін тегін тұратын орын мен стипендия беруге дайын. Кейбір жоғары оқу орындар бір жылдық тіл үйрену курстарынан өту мүмкіндіктерін береді»-деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Жанболат Мелдешов.

Көрмеге қатысушы шетелдіук серіктестер Қазақстанның расында да «Орталық Азия білім хабы» болуға ұлкен мүмкіндігі бар екендігін айтып отыр.
Көрме аясында білім беру саласындағы шетелдік сарапшылардың қатысуымен семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, көрме қатысушылары үшін уәждемелік хаттарды және халықаралық тестілеулерді жазу бойынша тәжірибелік мастер-класстар өткізілетін болады.
Іс-шараға АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур, Жапония, Швейцария, Польша, Венгрия, Испания, Литва, Оңтүстік Корея, Қытай және т.б. еуропалық стандарттары бойынша білім беретін жоғары оқу орындары қатысады.
Сондай-ақ, көрмеге жалпы тегін білім беретін Финляндия, Чехия, Германия, Франция елдерінің жоғары оқу орындары қатыспақ. Аталған елдерге тегін оқуға түсу үшін тек құжат жинап, конкурстық іріктеуден өту қажет, бұл жұмыста Халықаралық бағдарламалар орталығы талапкерлерге көмек көрсетуге дайын.
Көрменің негізгі мақсаты Қазақстан азаматтарының шетелде тегін білім алу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру және отандық жоғары оқу орындары мен шетелдік университеттердің арасындағы ынтымақтастықты кеңейту болып табылады.
Көрме жұмысы барысында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Жанболат Мелдешов білім хабын құру туралы айтты.

«Біздің негізгі мақсаттарымыздың бірі Қазақстанды Орта Азиядағы «білім хабы» жасау десек, алдымен өз жоғарғы оқу орындарымызды белгілі бір дәрежеде әлемдік деігейдегі университтермен қатар тұра алатындай етіп даярлап шығару. міне, осыған байланысты, өткізілгелі отырған «Халықаралық білім көрмесінде» еліміздің университтері шетелдік мамандардан тегін мастер кластар алуды ұйымдастырып отырмыз. Олардың ең жақсы деген модульдері мен жеткен жетістіктерінен өзімізге қажеттілерін үйренуіміз қажет» - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер