BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Назарбаев өмірге шағымданатындарға «Еңбек Ерін» үлгі етті

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен «Ақтөбе қаласы сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Құралай Бәйменованы марапаттады.

«Баршаңызды еліміз үшін ең маңызды күн – Тәуелсіздік күнімен құттықтағым келеді. Қоғамға қосқан үлесімді жоғары бағалағаны үшін Отаныма алғыс айтамын. Әрбір қазақстандық секілді мен де халықаралық ахуалдың соңынан жүремін. Осыған байланысты бейбітшілік, тұрақтылық үшін, балаларды тәрбиелей алатынымыз үшін және ертеңге сеніммен қарай алатынымыз үшін Нұрсұлтан Әбішұлы сізге үлкен аналық алғысымды айтқым келеді. Халықтың әлеуметтік хал-жайын арттыруға жұмыс істей беермін. Көп рахмет сізге!», - деді Құралай Бәйменова.

Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық бірлестік төрайымын қазақстандықтарға үлгі етіп, «өмірге, қиындыққа шағымданатындар, үйреніңдер» деді.

«Тағдыр тауқыметін тартқан қайсар қыз бәрін жеңіп, өз басындағы өнегелі өмірімен елге үлгі болды. Өзінің мүгедектігіне қарамай, көнбей, жұмыс істеп, бүгінде ол көптеген жобаларды қолға алып, мүмкіндігі шектеулі жандарға үнемі қолдау көрсетіп келеді. Мен өзім барып көрдім. Істеген жұмыстарының барлығына таңқалуға болады», - деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы мемлекеттік наградаларды тапсырған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер