BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Министрлер мен әкімдер: Мемлекеттік наградаларға кімдер ие болды

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы мемлекеттік наградаларды тапсырды. Марапатқа ие болғандардың арасында Үкімет мүшелері мен облыс әкімдері, қоғам қайраткерлері және қорғаныс, мәдениет, білім, өнер саласындағы үздік қызметкерлер бар.

І дәрежелі «Барыс» орденімен еңбек ардагері Жәнібек Кәрібжанов, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев;

ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ басқарма төрағасы Абай Байгенжин, жазушы Қабдеш Жұмаділ және «Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ профессоры Сұлтан Оразалы;

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен «Агрофирм «Диевская» ЖШС бас директоры Олег Даниленко, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев марапатталды.

«Парасат» орденімен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Қорғаныш және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжанов, «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогокалық университеті» РМК ректоры Такир Балықбаев, «ҚР Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ бас директоры Ерлан Бекхожин, Премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, Uniserv ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Сәтбек Нұрғазы, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов марапатталды.

«Құрмет» ордені Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа, «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КЕАҚ оқытушысы Людмила Макарцеваға, Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовке, Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің бас дирижері Динара Тілендиеваға берілді.

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені «Kazakhmys Smelting» ЖШС Балқаш мыс қорыту зауытының қорытушысы Теміржан Бекжановқа табысталды.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына киноактриса Самал Есләмова, «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ аға оқытушысы Ян Рудковский ие болды.

ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің бастығы Асқар Ақшаев, Қорғаныс министрінің орынбасары Мүсілім Алтынбаев, Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев, ҚР Қарулы күштері Әуе қорғаныс күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Дәурен Қосанов марапатталды.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен ІІМ Астана қалалық полиция департаменті Жол-патурльдік полициясы полкі қызметінің инспекторы Азамат Балтабаев, ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен ІІМ Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Қызылорда қалалық № 2 мамандандырылған өрт сөндіру өлімінің бөлімше командирі Ермекбек Пазлиев, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметі «Айбын» Президенттік полкі» Әскери бөлімінің рәсімдік батальоны құрмет қарауыл ротасының бөлімше командирі Әділхан Төребеков марапатталды.

Сондай-ақ, Жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы, айрықша ерекшелік белгісімен «Ақтөбе қаласы сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Құралай Бәйменова, Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы Сайрамбай Дөненбаев және Шымкент қаласындағы «А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі Алина Соловьева марапатталды. Оларға «Алтын жұлдыз» бен «Отан» ордені тапсырылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер