BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мен секілді мұғалімдер көп – «Қазақстанның Еңбек Ері»

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен Шымкент қаласындағы «А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі Алина Соловьеваны марапаттады. Педагог Мемлекет басшысының қолынан «Алтын жұлдыз» бен «Отан» орденін алды.

«Сіздің қолыңыздан осы награданы алу мен үшін үлкен құрмет. «Қазақстанның Еңбек Ері» бұл награда өз ісін адал атқаратын, өз еліне берілген, тәрбие саласына барын беретін барлық педагогтың наградасы деп санаймын. Сіздің қолдауыңызды сеземіз. Біз мұны білім саласына бөлген қаржыдан, назарыңыздан білеміз. Жолдауыңызда «Педагогтар мәртебесі туралы заң әзірлеуді» тапсырдыңыз. Сізге шексіз ризамыз. Бізді қанаттандырасыз, шабыттандырасыз. Соған лайық болу үшін біз бәрін жасаймыз», - деді ұстаз.

Мемлекет басшысы «Қазақстанның Еңбек Еріне» барлық педагогты қанаттандыратынын жеткізді.

«Білім саласына басты назар аударып отырмыз. Бұл – біздің болашағымыз. Онсыз алға жылжуға болмайды. Сіз секілді мұғалімдер көп болса, еліміз де мықты болады», - деді Нұрсұлтан Назарабев.

Алина Соловьева өзі секілді мұғалімдердің көп екенін айтты.

Еске сала кетсек, бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы мемлекеттік наградаларды тапсырған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер