BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әлия Назарбаева Президенттің қолынан награда алды

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы ҚР әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық иегерлерін марапаттады. Олардың арасында «Анаға апарар жол» фильмінің продюсері Әлия Назарбаева бар.

Қазақстан Республикасының 2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық ақын Тыныштықбек Әбдікәкімовке – «Алқоңыр дүние» өлеңдер мен балладалар жинағы үшін; авторлар ұжымына Төлеубек Нығметұлы Әлпиевке, Алан Асқарұлы Бөрібаевқа, Сүндет Әбдірахманұлы Байғожинге, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының шығармашылық ұжымына – «Абай» операсы үшін; авторлар ұжымына: Ақан Қарғамбайұлы Сатаевқа, Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаеваға, Тимур Қазбекұлы Жақсылықовқа, Алтынай Бауыржанқызы Нөгербекке, Әділ Ералыұлы Ахметовке – «Анаға апарар жол» толықметрлі көркем фильмі үшін; ақын Ақұштап Бақтыгерейқызы Бақтыгерееваға – «Ана сыры» өлеңдер мен балладалар жинағы үшін; ақын Өтеген Оралбайұлы Оралбаевқа – «Шуақты шақ» жыр жинағы үшін берілді.

Мемлекет басшысы марапаттау рәсімінде қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Бұл егемен елімізді дүниежүзіне танытып, бар жақсылықтың бастауы болған қазақ үшін қасиетті мейрам. Біз 27 жыл бұрын азаттық жалауын желбіретіп, береке-бірлігіміздің арқасында мерейлі мемлекетке айналдық. Биыл тәуелсіздіктің символына айналған Астананың 20 жылдық мерейтойын абыроймен атап өттік. Игі дәстүр бойынша тәуелсіздік күні қарсаңында ерен еңбегімен дараланған ел азаматтарына қошемет көрсетеміз. Сіздер осындай мерекелі сәтті жоғары марапат пен мәртебелі атаққа ие болдыңыздар. Әрқайсыңыз көпшіліктің құрметіне бөленіп, өнегелі істеріңізбен жаңа Қазақстанды жаңғыртуға ат салысып жұмыс істедіңіздер, сондықтан Ақорда төріне жиналған баршаңыз үшін бүгін ерекше мерейлі күн деп санаймыз», - деді ҚР президенті.

Биыл Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекеттік награда 1600 адамға беріліп отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер