Ақтөбеде «Көшбасшы жолы» фильмі көрсетілді - Атаулы күн|29 Қараша 2018, 14:24
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақтөбеде «Көшбасшы жолы» фильмі көрсетілді

Фото: aktobegazeti.kz

Астана, BAQ.KZ. 1 желтоқсан — Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының төртінші бөлімі – «Тығырықтан жол тапқан» фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылады. Бұл туралы aktobegazeti.kz сайты хабарлады.

Шараның мақсаты – университет студенттері бойындағы патриоттық сезімді күшейтіп, туған жерге деген сүйіспеншілікті нығайту, сондай-ақ, Елбасының өмірбаянымен таныстыру.

«Студенттердің барлығы бұл көрсетілімге түгел қатыса алмағаны белгілі. Сол себепті университеттегі басқа қыз-жігіттерге киноның ғаламтордағы сілтемесін беретін боламыз. Олар да кейін Елбасының ғұмырнамалық фильмін көреді», -дейді жоғарыда аталған университеттің бөлім жетекшісі Мейрамгүл Жұмағалиева.

Фильмнің «Тығырықтан жол тапқан» бөлімінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Теміртау мен Қарағандыда өткен 1970-80 жылдардағы өмір жолы бейнеленеді. Бұл кезеңде Елбасы металлургия комбинаты мен Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы қызметін атқарған. Қызмет жолындағы қиындықтар, оны шешіп, тығырықтан жол тапқан сәттерді үлкен экранға шығарған – режиссер Рүстем Әбдірәшев.

«Көшбасшы жолы» киноэпопеясының бұдан өзге «Балалық шағымның аспаны», «Отты өзен», «Теміртау», «Жұлдыздар тоғысқанда» деп аталатын бөлімдері бар. Ал соңғы фильм – «Көшбасшы жолы. Астана» осы жылдың соңында көрерменге жол тартады деп жоспарланып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер