BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Көлік қызметкерлері арасында спартакиада өтуде

Фото: ult.kz

Астананың 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген ҚР көлік қызметкерлерінің күнін атап өтуге орайластырылған спартакиада өтіп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, Мәдениет және спорт басқармасы мен ұйымдастырылған іс-шара «Алау» мұз айдыны сарайында салтанатты түрде ашылды. Іс-шарада көлік саласының қызметкерлері стол теннисі бойынша бақ сынады. Тартысты өткен ойында қатардан озып, бас жүлдені «№1 Автобус паркі» АҚ жеңіп алса ІІ-орын «LRT құрылысы жөніндегі Дирекция» ЖШС және ІІІ орын «№4 Автобус паркі» ЖШС-ға бұйырды.

Ал шілде айының 28-де волейболдан жарыс өткізілетін болады. Спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімін Қ.Мұнайтпасов атындағы стадионда шағын-футболдан өтетін жарыспен тәмамдау жоспарлануда.

Аталған іс-шаралар салауатты өмір салтын сақтаумен қатар, ұжым арасындағы ауызбіршілікті арттыруға бағытталғанын атап өткен жөн.

Еске сала кетейік, жыл сайынғы дәстүрлі түрде спорттық жарыстармен аталып өтетін Көлік қызметкерлерінің күні тамыз айының 1-ші аптасының жексенбісіне түсіп отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер