BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада ұлт мұрасын қадірлеуге шақырған шара өтті 

Фото: Нұржас Жақсыбай

Бүгін ҚР Ұлттық музейінде Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы аясында «Халық қазынасы» ғылыми зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Ұлттың ұлы мұрасын қадірлейік» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Шараның мақсаты – бүгінде ұмыт болып, көптің көңілінен шыққан ұлттық құндылықтарды насихаттау. Ұрпақтан ұрпаққа аманат болған халық қазыналарының үлгісін көпке көрсету үшін аталған шараға Түркістан облысы Сарыағаш қаласының «Домалақ АНА» әжелер тобы қатысты.

«Біздің бүгінгі шараға келудегі басты мақсатымыз Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды жаңғырту, жастарды оларды дәріптеуге шақыру. Ұмытылып бара жатқан салт-дәстүр өте көп шындығында. Жастарды солармен таныстыру», - дейді «Домалақ АНА» әжелер тобының мүшесі Роза Рысбекова.

Қазіргі таңда ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, қолданыстан шыққан шебер қолдардың бұйымдары мен бұрын-соңды естілмеген халық әндері, сонымен қатар ырым-тиымдарды жаңғырту - бүгінгі қоғамның басты міндеті. Осы орайда ұлы далада өмір сүрген халықтың мәдени сабақтастығы, оның ғасырдан ғасырға ауысқан бүгінгі көрінісі, түрленген салт-дәстүрдің озық үлгісі мен өзегі сақталған әдет-ғұрпы, дәстүрлі өнер мен табиғат пен ғаламға қатысты ілімі, қолөнер түрлері ұсынылды.

Шара барысында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламасын негізге ала отырып, рухани мұраларымызды зерттеу, сақтау мен жаңғырту бойынша көрме, шеберлік сабақтар, «Ұмыт қалған әндер» концерттік бағдарламасы, «Дәстүріңді сақтай біл» сахналық қойылым ұйымдастырылды.

Видео: Нұржас Жақсыбай


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер