BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Уақыт, сағат емес...

Көрінбейсің...
көру сені мүмкін емес.
Сағымдай зулап өтер күнің елес.
Жаныңды санап жүрген сағат тілі,
Жылжып жатқан сендегі үнің емес.

Көнбейсің...
көндіру де мүмкін емес.
Ғайып жанға бағыну үкім емес.
Заманға жүгін артқан о адамдар,
Сенен озып алдыңа түскен емес.

Тоқтама. Жылжи бер тағы алға!
Қалмасын көш керуен ағындарда!
Бақыт бер, бағыт бер адастырмай
Өзіңмен жаны талас адамдарға!


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер