BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мұхтар ШЕРІМ. МЕН ӘЛІ ҚЫЗБЫН...

– Привет, таудың жабайы Шыршагүлі! Есінеп отырсың ба, ентігіп отырсың ба, қабағың түсіп кетіпті ғой? -деп сұрады жасанды шырша мың бұралып.

Мұхтар ШЕРІМ. МЕН ӘЛІ ҚЫЗБЫН...
Бір күні табиғи шырша мен жасанды шырша кездесіп қалды.
– Привет, таудың жабайы Шыршагүлі! Есінеп отырсың ба, ентігіп отырсың ба, қабағың түсіп кетіпті ғой? -деп сұрады жасанды шырша мың бұралып.
– Сәлеметсіз бе? Сізді танымадым?
– Жасанды шыршамын ғой. Қолдан ұрықтанды¬рылған, ой, кешіріңіз, қолдан жасалған. Атым – Елкабике. Өзің неғып жатырсың, түбіңнен шабылып?
– Өлетін шығармын... Біздің қорықтың бастығы бір мектепке мені сыйға тартыпты. Қазір әкетеді.
– Е, сендердің күндерің әлдеқашан біткен. «Моды¬дан» қалғансыңдар. Қазір Қазақстан бізге қарайды. Жаңа жылдары бізсіз өтпейді... Бір жағы сендерді кесіп, мерекелік шырша етпегендері де жақсы. Ертеңіне-ақ қайтыс болып кетесіңдер. "Просто", обал сендерге, жаным¬ ашиды... Ал, біз деген... Біз, ойхой шіркін, мәң¬гі өлмейміз! Өйткені, жасандымыз! Біз мықтымыз! – деген жасанды шырша ойыншықтарын сылдырлатып, диотты шамдарын жағып, табиғаттағы құрбысына қасын кере қарады.
– Сендер мақтаншақсыңдар! Адамдар да мақтаншақ! Мақтаншақ шенеуніктер жыл сайын ысырапшылдыққа жол береді.
– Сен абайлап сөйле! Адамдардың қызығын көре алмайсың ба? Ал, онда тұрған не бар? Шенеуніктер өз қал¬тасынан төлеп жатқан жоқ, қазынаның қаражатына шырша сатып алады. Соны да сөз етіп... Көре алмай тұрсың ғой, ә?
– Кешір, Елкабике... Биыл Алматы әкімдігі елден ерекшеленеміз, бәрі бізге тамсанып, сілекейлері ағатын болады деп, жалпы құны жетпіс миллионнан асатын шырша сатып алды. Шымкент қаласы әкімдігі айдалаға асыққандай, дәл тәуелсіздік күні шырша орнатып жатты.Сонда деймін-ау, тәуелсіздікті сыйламағаны, шашылып жатқан арсыздықты, пысықайлықты өздеріне жинамағаны ма? Ал, қайран қазақ контейнерлерде тұрып жатыр, балалары күрк-күрк жөтеліп... Құдай оларды "ұрып" жатыр! Халық шыршалардың тым жасанды¬ болып кеткенін айтып отыр. Әңгімелеріне құлақ салсам, ескі болса да, бұрынғы шыршамыз "табиғи әрі әсерлі көрінетін еді" дейді...
– О, албасты! Қара мұны! Сен өзің бәлеқор қатын екенсің ғой?
– Кешіріңіз, мен әлі қызбын... Күйеуге енді шыққалы тұрғанымда, қырқып әкетті...


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер