BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жұрт адамды ешкіге «айналдырған» жігітті соққыға жықты

Нигериядағы Риверс штатының полициясы көпшіліктің «балгерді» соққыға жығуына қатысты тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындар ер адамды оның соңынан қара ешкі еріп жүргендіктен соққыға жыққан. Олар бұл ешкі бұрын «адам» болды деп ойлаған. Ауыр соққы салдарынан «балгер» ажал құша жаздады.

Оқыс оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп жетті. Ешкі мен ер адамды соққыға жыққан екі азамат полиция бөлімшесіне апарылды. Есін жинаған ер адам полиция қызметкерлеріне ешкіні үй жануары ретінде ұстағанын айтқан.

«Жұрт мені адамды ешкіге айналдырып жіберді деп ойлап жүр. Бұған қалай таңғалмайсың. Бұлай болуы мүмкін емес қой?» — дейді жәбірленуші.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер