BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жоғалып кеткен сәби салынып жатқан ғимараттың 15-қабатынан табылды

Фото: tass.ru

Башқұртстанның Уфа қаласында сейсенбі күні жоғалып кеткен 3 жатағы қыз құрылысы жүріп жатқан үйдің 15-қабатындағы қалқаншасынан табылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтына сілтеме жасап.

Уфадағы құқық қорғау органдарының қызметкерлері үш жасар қыз баланы түні бойы іздеген. Бүлдіршіннің жоғалып кеткендігіполиция қызметкерлеріне сейсенбі күні хабарланған. Ер адамның айтуынша, 31 шілде күні қыз бала жаңадан салынып жатқан үйлердің аумағында өзімен және ағасымен бірге жүрген.

«Сағат 21:00-ден кейін ер адам төртінші қабатта жұмыс істеп жатқан, ал оның балалары бір қабат төменде ойнап жүрген. Ағасы қарындасын қалдырып, әкесіне ұялы телефонын беру үшін кеткен. Ол үшінші қабатқа қайтадан түскен кезде қарындасы болмаған, сосын олар баланы өздері іздеген, бірақ еш нәтиже шықпаған. Қыздың әкесі құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінуіне тура келген», - делінген хабарламада.

3 жастағы қыз баланы түні бойы іздеген. Іздеу жұмыстарына тергеушілер ғана емес, полиция қызметшілері де, құрылысшылар да қатысқан. Қыз баланы 1 тамыз күні таңертең тапқан.

«Ол он бесінші қабаттың қалқаншасында отыр екен. Баланың дауысын естіген құрылысшылардың бірі шатырдан түсіп, құтқарушылар келгенше қасында отырған. Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ол қаладағы медициналық мекемелердің бірінен тексеруден өтті», - делінген хабарламада.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер