Жеке дәулеті жайлы хабардан соң Бразилия президенті аппаратының басшысы қызметінен кетті - Әлем|08 Маусым 2011, 10:50
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жеке дәулеті жайлы хабардан соң Бразилия президенті аппаратының басшысы қызметінен кетті

Бразилия президенті аппаратының басшысы Антонио Палоччи жеке дәулетіне байланысты баспасөзде жарияланған ақпараттан соң қызметтен өз еркімен кетуді жөн деп тапты.

Бразилия ақпарат құралдары елдегі ықпалды саясаткер, ұлттық экономиканың қарқынды дамуының негізін қалағандардың бірі, бұрынғы қаржы министрі Антонио Палоччидің жеке байлығы соңғы төрт жылда 20 есеге көбейгені туралы жазған еді.

Палоччи өзінің барлық кіріс-табысы заңды жолмен келгенін прокуратураның ресми түрде растағанын айтып, бірақ ел президенті Дилма Русеффтің беделіне нұқсан келтірмес үшін отставкаға кетуді ұйғарғанын мәлімдеді.

http://www.azattyq.org/content/news/24227922.html


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер