Жаппай қырып-жоятын қару алғаш қолданылған Бельгияның Ипр қаласында қазақстандық ескерткіш ашылды - Әлем|17 Маусым 2011, 08:41
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жаппай қырып-жоятын қару алғаш қолданылған Бельгияның Ипр қаласында қазақстандық ескерткіш ашылды

БРЮССЕЛЬ. 17 маусым. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - 16  маусымда Бельгияның Ипр қаласында ядролық сынақтардың құрбандарына арналған қазақстандық ескерткіштің ашылу салтанаты өтті.

Бірінші Дүниежүзілік соғыс  кезінде, сонау 1915  жылы  дәл осы қалада  алғаш рет  жаппай қырып-жоятын   қару  қолданылған. 

Аталған ескерткіш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Брюссельге жасаған ресми іс-сапары барысында Қазақстан халқының атынан Бельгия Республикасына ресми түрде тапсырылған болатын. Ескерткіш Еуропаның атақты мұражайларының бірі - Бельгиядағы «Фландрия даласы» кешенінде орнатылды.

Қазақстанның   Бельгиядағы    және  Люксембургтағы елшісі,  Еуроодақ және    НАТО жанындағы миссиялардың жетекшісі Ерік Өтембаевтың  атап көрсетуінше,  ескерткіш  Ипр қаласында  кездейсоқ орнатылып  отырған  жоқ.  Барлық әлемді 2020 жылға дейін  ядролық қару-жарақтарды  жоюға  үндеп  отырған  қала басшыларының  халықаралық  -  «Мэрлер  бейбітшілік   үшін»   ұйымы  осында орналасқан.  «Еуроодақ    Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық  қарусыздану  ісіне   қосқан   үлесін  жоғары бағалайды.   Бүгін Ипрде  ашылып отырған     ескерткіш    Қазақстан  Президентінің   жаһандық қарусыздану саласындағы саясатының   мызғымастығын   тағы да паш  етті.  Еуроодақ басшылығы   мен Бельгия үкіметі  біздің     еліміздің  ядролық қарусыздануға  қосқан  үлесі   үшін тағы да  ризашылықтарын  білдіріп  отыр»,  деді  Е.Өтембаев  өз сөзінде.

Ипр  қаласының мэрі   Люк  Деан Семей  ядролық полигонының    зұлмат салдарын басынан  кешірген  Қазақстанның    қайғылы тағдыры  туралы әңгімелеп берді. 1915 жылы   сәуірде   адамзат тарихында алғаш рет  жаппай  қырып-жою  қаруы  қолданылған  Ипр қаласының   қайғылы  тарихы  туралы да  баяндады.  

 Салтанатты  шараға  танымал ақын,  қоғам  қайраткері,  «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының    жетекшісі,     Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Олжас Сүлейменов,  Қазақстан  Парламенті Мәжілісі  Төрағасының  орынбасары Владимир  Бобров,   Жапонияның Бельгиядағы елшілігінің  кеңесшісі Кеичиро Моришита, т.б.    қатысты.

http://www.inform.kz/kaz/article/2388155


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер