BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жапониядағы жер сілкінісінен 16 адам қаза тауып, 26-сы іздестірілуде

Жапонияның солтүстігіндегі Хоккайдо аралындағы қатты жер сілкінісінен 16 адам қаза тауып, тағы 26 адам із-түзсіз жоғалған. Бұл жайында елдің премьер-министрі Синдзо Абэ үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Өткен түнде Хоккайдо аралында 6,7 балдық жер сілкінісі болған, оның ошағы ретінде Ибура ауданы белгіленді және оның тереңдігі 37 шақырымды құраған. Бұған дейін 13 адамның көз жұмғаны жөнінде мәлімет тарады.

Жер сілкінісі 7 балға дейін жеткен Ацума елді мекенінде көптеген көшкін болған, сондықтан құтқару және іздестіру жұмыстары түнімен жалғасты.

Аралда электр қуаты сөндіріліп, 3 миллионға жуық адам жарықсыз қалған. Таңға қарай 964 мың үй электр қуатымен қамтамасыз етілді. Дегенмен электр энергиясын толықтай қалыпқа келтіруге бір аптадай уақыт кетпек.

Сондай-ақ Титосэ жаңа әуежай да жұмыс істеп тұрған жоқ. Жұма күнгіге барлық әуерейсі тоқтатылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер