Жапониядағы сұрапыл апат құрбандарының саны: соңғы мәлiметтер - Әлем|04 Сәуір 2011, 18:35
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жапониядағы сұрапыл апат құрбандарының саны: соңғы мәлiметтер

Астана. Сәуiрдің 4-і. BNews. kz- Жапония Бас полицей басқармасы хабарлаған соңғы деректер бойынша, зілзала мен цунами салдарынан қаза тапқандар мен із-түзсіз жоғалғандардың саны 27650 адамға жетті. Табиғи апат 12157 адамның өмірін қиса, 15 496 адам із-түзсіз жоғалғандардың қатарында, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Мяги префектурасы апатынан қатты зардап шеккен құрбандардың саны 7431 адамға жеттi, ал оған көрші жатқан Иватэ және Фукусима префектурасында сәйкесiнше 3540 және 1126 тұрғын қаза тапты. Хонсю аралының осы және өзге де жағалауды аудандарының 20 мыңға жуық ғимараттары түгелімен қирап, алып цунами толқыны 1165 үйді мұхитқа көшіріп әкеткен,  200 жуық үй қожалықтары жанып кетті.

http://www.bnews.kz/kz/100/chislo-zhertv-udara-stixii-v-yaponii-poslednie-dannye


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер