BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жапонияда тайфун салдарынан 600 жуық әуе рейсі тоқтатылды

Фото: ашық дереккөзден

«Джеби» атты күшті тайфунның жақындауына байланысты Жапониядағы он үш әуе компаниясы елдің орталық және оңтүстік-батыс бөлігінде 589 әуе рейсінің тоқтатылғаны туралы хабарлады. Бұл тайфунға Жапонияда 21 реттік нөмір берілген, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі Ria.ru порталына сілтеме жасап.

Әуе тасымалдаушылар ұшуі мен қонуы Осака мен Кобе секілді Кансай ауданындағы қалаларға қатысты рейстерді тоқтатуға мәжбүр болды және тоқтап тұрған рейстер саны артып жатыр.

Теміржол компаниялары, соның ішінде, West Japan Railway Company Осака, Хиросима бағыттарындағы, сондай-ақ, жапониялық ірі арал Хонсюді Сикоку аралымен жалғайтын жедел пойыздардың жолға шығуын тоқтатуға мәжбүр болып отыр. Сонымен қатар, Токиоға көршілес Тиба мен Канагава префектурасы арасындағы паром қозғалысы да тоқтатылды.

Қазіргі уақытта аталған тайфун оңтүстік-шығыс жақтан Жапонияға қарай жақындап, солтүстікке қарай жылжуда. Осылайша, сәрсенбінің таңына қарай ол елдің бүкіл аумағынан жүріп өтеді. Тайфун орталығындағы қысым қазір 945 гектопаскальді құрап отыр. Желдің күші секундына 45 метр, кейде ұйытқу кезінде секундына 60 метрге дейін жетуде. Метеорологтар оны осы жылдағы ең күшті дауылдардың бірі деп бағалауда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер