BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жапониялық дизайнер ғарышта киюге арналған ерекше топтама ұсынды

Уюма Наказато — сән әлемінде өз қолтаңбасы бар дизайнердің бірі. 3Д баспа мен сандық технологияны киім саласына енгізіп үлгерген дизайнер енді ғарыш кеңістігін меңгеруге кірісіпті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап.

Оның Harmonize деп аталатын соңғы топтамасы Париждегі Haute Couture сән апталығында кеше көпшілік назарына таныстырылды. Наказатоны қиын да қызықты ғарышкерлер өмірі қатты қызықтырып, жаңа киім шығаруға итермелеген.

«Біз жапондық JAXA аэроғарыш зерттеу орталығының мамандарымен тілдестік. Мен ұсынған киімдер топтамасын ғарыш сапарына скафандр ретінде қарастыруға келісім берді», — дейді дизайнер.

Яғни, бұл киімдер арнайы ғарыш сапарына бағытталған мата-материалдардан тігілген. Енді ол парашют, қауіпсіздік жастықшасы, киілмей тасталған футболка, күртеше, комбинезон, тағы басқа киімдердің матасынан пайдалы өнім жасап көрмек.

32 жасар Наказато ғарышпен байланысын «дөңгелек» философия деп таныстырды. Яғни, ғарыш сән әлемімен үнемі байланыста болуы тиіс. Ал дизайнер ұсынған киімдер өте ұзақ мерзімге жарайды. Себебі, сәнді ғана емес, скафандрдың әрбір әлементі ажыратылып, ескірген жағдайда алмастырыла алады. Тіпті, ғарышкер арықтап немесе керісінше, артық салмақ жинаса да, ол дизайнердің сәнді скафандрын өмір бойы кие береді. Тігу арқылы емес, сандық технология көмегімен әзірленген киімдер оп-оңай түсін, пішінін, тіпті, материалын өзгерте алады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер