Жапония Гаага трибуналына шақырылуы мүмкін - Әлем|12 Сәуір 2011, 11:03
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жапония Гаага трибуналына шақырылуы мүмкін

МӘСКЕУ. Сәуірдің 12-сі. BNews.kz.  – Жапонияны Гаага трибуналына сотқа тарту керек, бұл туралы атомдық энергетика мамандары Мәскеуде болған баспасөз маслихатында мәлім етті, - деп жазады Yтро.ru.

«Жапония алдағы уақытта мұхитқа бірнеше мың тонна төмен активті қалдықтарды ағызатынын хабарлады. Төмен активті қалдықтарды ағызу арқылы Жапония әлемдік қауымдастықтың әрекетін байқағысы келеді. Төмен активті қалдықтардан кейін Жапония мұхитқа орташа, жоғары активті қалдықтарды ағыза бастайды. Ешқандай ғылыми есептер жасалмаған, ағызу аймағы, мұхиттың ағыс бағыты анықталмаған. «Фукусима-1» 11,5 мың тонна радиоактивті қалдық жиналған, атом стансасының қырық жыл жұмыс істеуінің ішінде жапондықтар атомдық қалдықты өңдемеген», - деді «Росатом» Қоғамдық кеңесінің мүшесі Владимир Кузнецов.

«Сондықтан, біздің СІМ, сонымен қатар Солтүстік пен Оңтүстік Корея Жапонияның іс әрекетіне батыл қарсы шығу керек. БҰҰ ҚК тез арада шақыру керек. АҚШ іске араласу керек», - деді В.Кузнецов.

http://www.bnews.kz/kz/100/yaponii-grozyat-gaagskim-tribunalom/


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер