BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жапондар ғарыш кеңістігіне ау құрмақшы

Жапониялық JAXA ғарыш агенттігі Жер орбитасындағы қалдықтарды кәдімгі балық аулайтын аумен тазартпақшы. Агенттік тор өндіретін Nitto Seimo атты ірі компаниямен келісімшартқа отырды.
Asahi агенттігінің мәліметінше, Nitto Seimo компаниясы балық аулайтын металл тор өру технологиясын жетілдірумен алты жыл бойы айналысып келе жатыр. Компания, негізінен күміс металл сымнан өрілген өнім­дерді өндіреді. Ғарыш агенттігі өкілдері бір­не­ше шақырымға созылатын осындай тор­ларды арнайы спутниктің көмегімен Жер орби­тасына шығаруды ұсынады. Кеңістіктегі қоқыстарды аулайтын тор компьютерлік қондырғымен басқарылмақшы. Ауланған қоқыстар торға тұтылып, уақыт өте келе Жердің магнитті өрісімен өзара әрекет ету нәтижесінде атмосфералық қабатқа енеді. Егер ғарыш қалдықтары тордан ажырап қалып жатса, ау түгел күйдіріліп, орнына басқасы шығарылады. АҚШ біріккен стратегиялық командованиесінің мәліметінше, бүгінде Жер орбитасында 19 мың фрагменттен тұратын қалдық жиналған. Кеңістікте әлі 600 мың бөлшек қалдық қалқып жүр. http://www.alashainasy.kz/world/18137/

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер