Жапон АЭС-тері табиғи апаттардан қорғалмаған - БҰҰ - Әлем|20 Маусым 2011, 12:51
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жапон АЭС-тері табиғи апаттардан қорғалмаған - БҰҰ

ТОКИО. Маусымның 20-сы. BNews.kz – Жапония басшылығы ядролық нысандару үшін цунами қаупін жете бағаламаған. Власти Японии недооценивали угрозу цунами для своих ядерных объектов. Жер сілкінісі мен цунами салдарынан Чернобыльден кейінгі ең ірі апат орын алаған «Фукусима» АЭС реакторларының 2002 мен 2011 жылдың наурызы аралығындағы қауіпсіздік шараларына сараптама жасаған БҰҰ атом энергиясы бойынша Халықаралық агенттігінің сарапшылары осында тоқтамға келді, деп хабарлайды Euronews.

Зерттеуге негіз болған материалдарды жинау және сараптама жасау қызметімен 18 сарапшы айналысты. Олардың анықтағанындай, «Фукусима» аймақ үшін қалыпты табиғи апаттарға қарсы тұруға дайын болмаған: АЭС-ті қорғайтын қабырғалардың биіктігі бар-жоғы 6 метрден аспайды, ал Жапонияның солтүстік-шығыс жағалауын шайып өткен толқындардың биіктігі 14 метрден асып түскен болатын.

Сондай-ақ инспекторлардың пікірінше, жапон билігі «Фукусиманың» ядролық дағдарысына қарсы жеткілікті белсенді әрекет ете алмады. Ал керісінше МАГАТЭ сарапшылары жопондықтардың апатпен күресу әрекетіне жоғары баға берді.

Баяндаманың ресми тұсаукесері келесі аптада МАГАТЭ-нің штаб-пәтері орналасқан Венада өтеді.

 

http://www.bnews.kz/kk/news/post/52994/


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер