BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұшқыш әйелдер саны көп мемлекет анықталды

Фото: Daily Pakistan

Әлем бойынша ұшқыш әйелдер 5%-ды құрайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық Авиация ұшқыштары қауымдастығының мәліметтері бойынша, Үндістан әйел ұшқыштардың саны бойынша бірінші орында тұр.

Қауымдастықтың хабарлауынша, әлем бойынша 5% ұшқыш әйелдер болса, Үндістанда бұл көрсеткіш 13%-ға жуық, яғни Ұлыбритания (4,77%) және АҚШ-ты (4,36%) қосқандағы еуропа мемлекеттеріне қарағанда екі есе көп.

2012 жылы Үндістан гендерлік теңдік бойынша ең нашар дамыған жиырма мемлекеттің қатарында болған. Сондай-ақ, Үндістан қазіргі уақытта авиациялық нарығы жылдам дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер