BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Үндістанда жұбайы зайыбының бетіне күкірт қышқылын құйған

Фото: parabolica.mx

Үндістандағы Морадабад қаласында тұратын ер адам ұйықтап жатқан әйелінің бетіне күкірт қышқылын құйып жіберген. Екінші рет дүниеге қыз алып келген әйеліне деген ренішін ол осындай жолмен білдірген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Times of India сайтына сілтеме жасап.

25 жастағы зардап шегуші әйел ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. Оның беті, қолы мен іші күйіп қалған. Олардың заңды некеге тұрғандарына сегіз жылдың жүзі болған және ортақ екі қыздары бар.

«Тұңғышымыз қыз болған кезде жұбайымның туыстары мені сөге бастады. Уақыт өте келе олардың тарапынан қысым көбейіп кетті. Былтыр дүниеге екінші қызым келгенде жағдай тіптен ушығып кетті. Мені күн сайын ұра бастады. Мен күнделікті азаптауға әрең шыдап, екі қызымның денсаулығы үшін алаңдадым», - дейді зардап шегуші келіншек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер