BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Үндістанда адасып жүрген леопард қала тұрғындарына шабуылдады

Фото: YouTube

Бірнеше сағат өткеннен кейін хайуанаттар бағы қызметкерлері жыртқыш аңды транквилизатордың көмегімен ұйықтатып тастады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтына сілтеме жасап.

Жабайы аң Үндістанның Индаур қаласындағы тұрғын үйлері бар көшеге барып, адамдарға шабуылдаған. Зәре-құты қашқан қала тұрғындары полиция қызметкерлері мен жануарлар бойынша мамандарды шақырады. Мамандар құрылысы аяқталмаған үй маңында жүрген леопардты тордың көмегімен ұстап алмақшы болады, бірақ ол тордан сытылып шығып, ер адамды жаралайды.

Арада бірнеше сағат өткеннен кейін хайуанаттар бағының қызметкерлері оны транквилизатордың көмегімен ұйықтатып тастаған. Леопард оянғаннан кейін бостандыққа жіберіледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер