BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Улан-Удэде мектепке шабуыл жасаған жасөспірім тұтқындалды

Улан-Удэ қаласындағы Октябрь ауданының Соты мектепке шабуыл жасаған жасөспірімді екі айға тұтқындады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bbc.com сайтына сілтеме жасап.

«Күдіктіге қатысты 19 наурызға дейін темір торға қамау жазасы белгіленді. Аталған мерзімге дейін тергеу изоляторында отыратын болады», - делінген хабарламада.

Жасөспірім ауруханадан шығарылды. Дәрігерлер оның денсаулығын тергеу изоляторында отырған кезде де бақылайтын болады.

Естеріңізге сала кетсек, «Роскомнадзор» мекемесінің қызметкерлері мектептегі зорлық-зомбылыққа түрткі болатын әлеуметтік желідегі топтарды бұғаттау ниеті туралы мәлімдеген. Әуелде мектепке шабуыл жасағандар саны үшеу деп хабарланған, бірақ кейін ол ақпарат расталмады.

Сонымен қатар, Улан-Удэ қаласындағы шабуыл – сол уақыттағы Ресейде мектепке жасалған үшінші шабуыл оқиғасы болып отыр. 15 қаңтарда Пермь қаласындағы №127 мектепке кірген екі жасөспірім 4-сынып оқушылары мен мұғалімге пышақпен шабуылдады. 15 адам жараланған бұл қылмысқа күдіктілер сот шешімімен екі айға қамалды.

Тергеушілер «алдын ала сөз байласып, бірнеше адамды өлтіру үшін шабуыл жасау» деген бап бойынша да қылмыстық іс ашты.

Еске сала кетсек, 17 қаңтарда Челябі облысындағы Смольное кентіндегі мектепте 9-сынып шәкірті өзге оқушыға пышақ сұқты. Тергеу органдары Пермь, Челябі облысы және Улан-Удэдегі шабуылдардың өзара байланысы бар-жоғын тексеріп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер