Украина президенті Мальдив аралдарында демалу үшін жалған құжат жасатқан - Әлем|21 Қаңтар 2018, 15:25
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Украина президенті Мальдив аралдарында демалу үшін жалған құжат жасатқан

Украина президенті Петр Порошенко мен оның отбасы мүшелері Мальдив аралдарында демалу үшін ұшар алдында жалған атпен Украина қауіпсіздік қызметінен (УҚҚ) құжаттар алған, - деп хабарлады Baq.kz ақпарат агенттігі Страна.ua порталына сілтеме жасап.

Порталдың хабарлауынша, Гелетей (Валерий Гелетей, Мемкүзет басшысы - ред) "құпия" деген таңбамен, президентке қоқан-лоқы жасалып жатыр деп, УҚҚ-ға хат жазған. Сол хаттың негізінде УҚҚ ойдан шығарылған есімдермен төлқұжат жасаған. Мұнымен УҚҚ Шұғыл-техникалық шаралар департаменті айналысқан.

Айта кетейік, страна.ua порталы төлқұжаттардағы есімдер қалай аталғаны жайлы мәлмет бермеген.

Дегенмен, осыдан біраз уақыт бұрын украиналық БАҚ Порошенконың демалысын отбасымен бірге Мальдив аралдарында өткізгенін жазған. Ол кезде президенттің 1-8 қаңтар аралығында аралды кемі 500 мың долларға жалға алғаны айтылған. Алайда Порошенко мейманханада Mr Incognito Petro Ukraine деген атпен тіркеліпті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер