BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Түрікменстанда 800-ге жуық сотталушы рақымшылық алады

Астана, BAQ.KZ. Түрікменстанда Бейтараптық күні қарсаңында жүздеген сотталушыға рақымшылық жарияланды. Елдегі ресми басылымдардың жазуынша, президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің жарлығымен 796 сотталушы түрмеден босайды.

Түрікменстан мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, президент 10 желтоқсан күні өткен жиналыста ішкі істер министріне құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге рақымшылық жасалған азаматтарды таяу күндері түрмеден босатудың барлық шарасын жасауға тапсырды.

2017 жылы президент Бердімұхамедов үш мыңнан астам сотталушыға рақымшылық жасаған. Бірақ құқық қорғаушылардың айтуынша, бостандыққа шыққан азаматтар арасында саяси тұтқындар жоқ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер