BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Туристер ең көп баратын мемлекеттер тізімі анықталды

Фото: ru.rfi.fr

Бүкіләлемдік туристік ұйым Францияны ең көп туристер баратын ел деп атады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтына сілтеме жасап.

Бүкіләлемдік туристік ұйымның мәліметінше, халықаралық туризм жыл сайын қарқын алып келеді: 2017 жылы бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда саяхаттаушылар саны 6,8 пайыз өскен.

Туристер көп баратын елдердің алдыңғы қатарында Франция тұр. Ол жаққа жыл сайын 86,7 миллион адам барады. Екінші орында – Испания. Ол жаққа жылына 81,8 миллин адам барады. Ал үшіінші орында – АҚШ. Төртінші орында ҚХР болса (жыл сайын 60,7 миллион адам барады), бесінші орында Италия (жыл сайын баратын туристер саны – 58,3 миллион).


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер