BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Трамп: Солтүстік Кореямен келіссөз – уақытты текке өткізу

АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсонға Пхеньянмен ядролық бағдарлама туралы келіссөз өткіземін деп уақытты текке жоғалтып жатқанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі BBC-ға сілтеме жасап.

«Рекс, күшіңді сақта. Біз не қажет болса, соны істейміз», - делінген Трамптың Twitter-дегі жеке парақшасында.

Өткен сенбіде Рекс Тиллерсон Вашингтон Пхеньянмен келіссөз өткізу жөнінде тікелей байланыс орнатуға мүмкіндігі бар екенін айтқан. Бірақ ол КХДР-дің диалог өткізуге аса құлықты емес екенін де алға тартқан болатын.

Соңғы айларда АҚШ пен КХДР-дің арасындағы қарым-қатынас ушыға түскен. АҚШ Пхеньяннан ядролық және ракеталық қаруды жасауды тоқтатуды талап етуде. Соңғы жылдары Солтүстік Корея алыс қашықтықта ұшатын баллистикалық ракеталарға бірнеше рет сынақ жүргізді. Ал 3-қыркүйекте полигонда шағын су асты бомбасын да жарған еді. Аталған бомба КХДР-дің билігінің мәліметінше, АҚШ-тың аумағына жететіндей құрлықаралық ракетамен жабдықталуы мүмкін.

Жексенбі күні АҚШ президенті Twitter-дегі жеке парақшасында: «Мен Рекс Тиллерсонға, біздің құрметті мемлекеттік хатшыға кішкентай ракета-адаммен келіссөз жүргіземін деп текке уақытын жоғалтып жүргенін айттым», - деп жазған.

Айта кетейік, осыған дейін Солтүстік Кореямен байланысын Қытай да үзген. Аспан асты елі Пхеньянның ірі сауда әріптесі болып саналады. Өткен аптада Бейжің БҰҰ-ның жаңа санкциялары негізінде ел аумағындағы барлық солтүстіккореялық фирмалардың жұмысын тоқтатуға шешім шығарған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер