BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Трамп киберқауіпсіздікке жылына 15 млрд доллар бөлуді сұрап отыр

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі алдағы жылы киберқауіпсіздікке 15 млрд долларды бөлуді сұраған. Бұл туралы АҚШ-тың вице-президенті Майкл Пенс мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біздің әкімшілік киберқауіпсіздікке қаржы бөлуді қамтамасыз етті. Жұмысымыздың бірінші жылы цифрлық қауіпсіздікке қосымша 1,2 млрд теңге бөлдік. Ендігі жылға біздің әкімшілік америкалық киберкеңістіктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін рекордтық деңгейде 15 млрд долларды бөлуді сұрап отыр», - деді Майкл Пенс Нью-Йоркте өткен киберқауіпсіздік мәселелеріне арналған жиында.

Айта кетейік, киберқауіпсіздік мәселелеріне арналған жиынды АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрлігі ұйымдастырған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
31 Желтоқсан 2018, 10:01
Доллар арзандады
Пікірлер