BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Трамп АҚШ-тың Дүниежүзілік сауда ұйымынан шығуы мүмкін екендігін мәлімдеді

Фото: ашық дереккөзден

Дональд Трамп егер Дүниежүзілік сауда ұйымы жұмысын жақсартпаса АҚШ одан кетуі мүмкін екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Егер олар жұмысын жақсартпаса мен ДСҰ-нан шығамын», -деді АҚШ президенті Блумберг басылымына сұхбат беру барысында.

Сонымен қатар ол, ДСҰ көптеген жылдардан бері Құрама штаттарға «жаман» қарап келе жатқандығын жеткізді.

Axios порталында жарияланған мәлімет бойынша, АҚШ әкімшілігі Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарын елемеуге мүмкіндік беретін жаңа заңнаманы қабылдамақ. Егер ол құжат қабылданса президент конгрес мақұлдауын күтпей-ақ біржақты ережемен импорттық тауарларға баж салығын енгізе алады.

Сонымен қатар, жаңа норма ДСҰ-ның базалық ұстанымдарын елемеуге мүмкіндік береді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер