Төңкерістер тізбегінің артында кім тұр? - Әлем|01 Наурыз 2011, 10:16
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Төңкерістер тізбегінің артында кім тұр?

Табалағанымыз емес, өткен аптада бірқатар араб елдеріндегі наразылық шерулері бір-біріне жалғасып, қырық жыл бойы «тыныш» ел атанып келген Ливияда үкімет әскерлері халыққа қарсы оқ атып, 300 адам қаза тауып, 800 адам жараланды деген жаманат хабар әлемге тарап кетті.
Елде шетелдік БАҚ өкілдеріне шекара жабылып, ғаламтор сөніп тұр. Тауқыметті басынан кешірген елдердің Қазақстаннан үйренері көп екенін бүгінде бәрі мойындайды. Дамыған елдердің әлеуметі мен әлеуеті көтерілген Қазақстанды үлгі етері анық. Пәкістанның ризалығы Артта қалған аптаның жаңалығы – Пәкістан елі белгілі тұлғаларының Қазақ еліне жүрекжарды ризалықтарын айтуы. Пәкістан су тасқыны және зілзала зардабын тартты, халқының көп бөлігі әлі шатырда тұрып жатыр. 180 млн тұрғыны бар елде азық-түлік тапшы. Қазақстан үкіметі жіберген ақ күріш және басқа азық-түлік пен шатырлар 300 адам тұрып жатқан лагердің бірнеше ай бойы тұрмыстарын қалыпты ұстауға жетеді екен. Пәкістан саясаткерлері Қазақстанның Орталық Азиядағы нағыз лидер екенін, Ауғанстанға сіңірген ерекше еңбегін де атап көрсетуді ұмытқан жоқ. Шындығына келсек, қазір бүкіл әлем азық-түлік тапшылығын ерекше сезініп отыр. Оған азық-түлік бағаларының ғаламдық бағасы өсуін қоссақ, әрі жұмыс­сыздық жайлаған әрі азық-түлік бағасы аспандаған бірқатар араб елдеріндегі наразылықтың астарын  тусінуге болады. Жоғарыда айтқанымыздай, бүкіл әлем­де азық-түлік бағасының өсуі, был­тырғы қуаңшылық, алдағы егіннің тағ­дыры, экономикадан саяси мәселеге ауысып, Тунис пен Египетте биліктің ауысуына соқтырды. Аталған екі ел және бірқатар араб елдері Ресей астығының тұтынушылары. Талдаушылар пікірінше, Ресей ең кемі 85 млн тонна астық жинаса ғана сырт­қа астық шығара алады. Солтүстіктегі көр­шіміз өткен жылғы құрғақшылық сал­дарынан 61 млн тонна ғана астық бас­тырды. Биыл қалай болмақ? Мұнай баға­сының көкке шапшуы да жақсылыққа соқтырмайды. Суэц каналынан мұнай тан­керлерінің өтуі қиындаса, мұнайдың 1 баррелі 200 долларға жетуі ықтимал. Тіпті, талдаудың өзі кереғар. Астық шықпауы әлемді дүрбелеңге салса, өз кезегінде мұнай бағасы көтеріліп тұр. Сонда тұқым қалай себіліп, егін қалай жиналып, астық қалай тасылмақ? Қытай да күткендегідей өнім алған жоқ. Алайда, аспан асты елі қорлары туралы ештеңе айтпай отыр. Мұның бәрін бақылап отырған АҚШ. БАҚ пікірінше, астық бағасы әзір түспек емес. Егер Қытайға өз астығы жетіспей, Бейжің сырттан астық сатып алса, онда ұнның мәселесі, тіпті, күрделеніп кетпек. Кейбір елдердің Қазақстан қамбасына дәметіп қарайтыны да сондықтан. Египет сабасына түсті Қазір араб елдері әлемін «коммунизм елесі» кезіп жүр. Оның өрісі әлемге құлашын жайып, кеңейе түсе ме? Өткен аптаның сенбісі күні Мәскеуде 200 қаралы адам қолдарына «Путин қыз­метінен кетсін!» деген ұран ұстап шеруге шықты. Ресейдің бірқатар талдау­шылары бұған кәдімгідей алаңдаушылық білдіріп отыр. Ғаламтор газеті әртүрлі қа­уесеттерге толы. Ресей Сырт­қы барлау қызметінің тал­дау­шы­лары Тунис пен Египет­тегі революция себептерін көрсете­тін бірнеше құжат топтамасын жа­сап үлгерген. Олардың «ЦРУ формуласын» негізгі алғаны да айтылуда. Бұрын «Маркс пен Ленин формуласы» атанған бұл ереже көпке мәлім. Егер ел халқы 70 пайызының тұрмысы кедейшілік шегінен төмен бол­са, аталған формула іске қосыл­мақ. Алайда, әртүрлі ре­волю­цияға мелдектеп той­ған солтүстүктегі көршіміз етек-жең­ін жинап, сақ отыр. Қазақстанға қажеті – Ресейдің бірлігі мен тыныштығы. Сарапшылар араб елдері әлеміндегі қазіргі жағдайдың бір­тіндеп қалыпқа түсетінін айтады. Жек­сенбі күні Египетте банктер жаппай жұмыс істеп, Ұлттық мұражай ашылды. Турис­тер қайтып оралуда. Әлемдік қауымдастықтың беделді де, белсенді мүшесі Қазақстанның да сыртқы саясаты бейбітшілік пен ынты­мақтастыққа негізделген. А.БАҚБЕРГЕН http://zan.zanmedia.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=2914:2011-02-28-13-43-52&catid=83:1&Itemid=17

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер